240 мыңға жуық талапкер ҰБТ-ға тіркелді

ЕНТ, тестирование, тесты, экзамены, выпускной класс, выпускники школы, национальный центр тестирования, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2026 14:14 Фото: Национальный центр тестирования
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026 жылғы 26 мамырда Үкімет отырысында Ұлттық бірыңғай тестілеудің өткізілу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

ҰБТ 10 мамырда басталды.

"2026 жылы шамамен 215 мың оқушы мектеп бітіреді. 2023 жылы олардың саны 162 мың болса, 2024 жылы – 188 мың болған. Бұл жоғары білімге деген сұраныстың тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді. ҰБТ-ға 239 мыңнан астам адам тіркелді, оның ішінде өткен жылдардың түлектері мен колледж бітірушілері бар. Соның 200 мыңға жуығы – биылғы мектеп түлектері", – деді Нұрбек.

Ол министрлік тарапынан ҰБТ өткізуге мүдделі барлық мемлекеттік органдардың жұмысы үйлестірілгенін атап өтті.

"Барлық өңірде жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау құрылымдары, жоғары оқу орындары мен білім басқармаларының қатысуымен мемлекеттік комиссиялар құрылды. Ұлттық бірыңғай тестілеу 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өтеді. Биыл ҰБТ форматы өзгеріссіз қалды. Талапкерлер тестілеуді екі рет тапсырып, грант конкурсына үздік нәтижесімен қатыса алады. Тестілеу аяқталған соң қатысушылар дұрыс және қате жауаптар туралы ақпаратпен қатар, нәтижелердің толық талдауын алады. Қазіргі уақытта 80 мыңнан астам адам тестілеуден өтіп үлгерді", – деп қосты министр.

ҰБТ-ның негізгі кезеңінің аралық қорытындылары туралы материалдан оқуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: