"Қазгидромет" Астана, Алматы және тағы төрт қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2026 09:13 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін 2026 жылдың 21 тамызында Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Осыған байланысты тұрғындарға көшеде ұзақ жүрмеуге кеңес берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланған ескертуде айтылған.

"2026 жылғы 21 тамызда Астана, Алматы, Ақтөбе қалаларында, ал түнде Атырау, Қарағанды және Теміртауда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі".

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Оларға желсіз ауа райы, әлсіз жел, тұман және инверсия жатады.

Мұндай жағдайда қала тұрғындарына, әсіресе автожолдар мен ауаны ластайтын өзге де нысандардың маңында ашық ауада ұзақ жүрмеуге кеңес беріледі. Ал өкпенің созылмалы, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруі керек.

2026 жылғы 20 тамызда қолайсыз метеорологиялық жағдай күндіз Алматы мен Ақтөбеде, ал түнде Атырау және Жезқазған қалаларында болады деп болжанған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: