Алматыда 23 тамызда қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады

Құрылтай сайлауы күні Алматы тұрғындары қоғамдық көлікті тегін пайдалана алады, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2026 10:49 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Құрылтай сайлауы күні Алматы тұрғындары қоғамдық көлікті тегін пайдалана алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының өкілдері 23 тамызда, Құрылтай сайлауы өтетін күні, қаланың қоғамдық көліктерінде жол жүру тегін болатынын мәлімдеді.

Басқарма өкілдерінің мәліметінше, сайлау күні қала тұрғындары мен қонақтарының жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау мақсатында тегін жол жүру мүмкіндігі енгізіледі. Күні бойы қоғамдық көліктің барлық бағытында – автобустарда, троллейбустарда және метрода жол жүру тегін болады.

Басқарма өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарын сапарын алдын ала жоспарлап, дауыс беру күні қала ішінде қолайлы қатынау үшін қоғамдық көлікті пайдалануға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: