Алматыдағы MEGA ойын-сауық орталығында электр сымдары қысқа тұйықталды
Сурет: MEGA Alma-Ata
Алматының Бостандық ауданындағы Розыбакиев көшесінде орналасқан MEGA ойын-сауық орталығында электр сымдарының қысқа тұйықталуы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға туралы ақпарат "112" пультіне келіп түскен. Бірнеше минут ішінде оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жетті.
"Құтқарушылар барлау жұмыстарын жүргізіп, электр сымдарының қысқа тұйықталғанын анықтады. Ашық жалын болмаған", – делінген хабарламада.
Қысқа тұйықталудың салдары жойылды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript