Жапониядағы қазақстандық сайлауға би кейпінде келді

Жапонияда білім алып жүрген қазақстандық Әлішер Әзімбаев Токиодағы сайлау учаскесіне қазақтың дәстүрлі би кейпінде келіп, дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 04:29 Сурет: ҚР СІМ
Жапонияда білім алып жүрген қазақстандық Әлішер Әзімбаев Токиодағы сайлау учаскесіне қазақтың дәстүрлі би кейпінде келіп, дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Цукуба университетінде "Мемлекеттік саясат" мамандығы бойынша білім алып жүрген Әлішер бұл образы арқылы қазақ халқының тарихи дәстүрі мен Қазақстанның жас буынының заманауи ұмтылысын сабақтастырды. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Әлішердің айтуынша, Құрылтай – тарихта ел тағдырына қатысты аса маңызды шешімдер қабылданған ұлттық жиын.

"Менің ойымша, жаңадан құрылған Құрылтай осы тарихи дәстүрді заманауи саяси институт ретінде жалғастырып, халықпен бірлесе отырып, мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуге қызмет етеді", – деді ол.

Айта кетейік, Кореядағы Қазақстан азаматтары Құрылтай депутаттарын сайлауда өздерінің конституциялық дауыс беру құқығын алғашқылардың бірі болып пайдаланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: