Тарихи күн: Қазақстанда Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы басталды

Референдум, выборы, избирательный бюллетень, бюллетень, бюллетени, избирательная урна, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 07:27 Фото: Zakon.kz
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Мұхтар Ерман 2026 жылғы 23 тамызда өткен брифингте осы уақытқа дейін қанша сайлау учаскесі дауыс беруге кіріскенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мұхтар Ерманның мәліметінше, аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректер бойынша, қазіргі уақытта еліміздің 20 өңіріндегі 10 363 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды. Сонымен қатар 16 шет мемлекеттегі 19 сайлау учаскесі жұмысқа кірісті.

"Осылайша, Қазақстан тарихындағы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы басталды. Дауыс беру құқығына 12 605 788 азамат ие", – деді Мұхтар Ерман.

Бұған дейін, 2026 жылғы 21 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеуінде жаңа бір палаталы Құрылтайдың алғашқы сайлауын тарихи оқиға деп атаған еді.

Құрылтай сайлауында алғаш болып дауыс берген Қазақстан азаматы – Сеулдегі Корея университетінің студенті Ажар Кәрімжанова.

Айта кетейік, шетелдегі барлық сайлау учаскесі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері аумағында ұйымдастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: