"Месси" мен "Роналду" Алматыдағы сайлауда көзге түсті

"Месси" мен "Роналду" Алматыдағы сайлауда көзге түсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 09:20 Сурет: Алматы қаласының ӨКҚ
Алматының Бостандық ауданындағы №70 мектепте орналасқан №294 сайлау учаскесіне футбол аңыздары Лионель Месси мен Криштиану Роналдудың бейнесіндегі алып қуыршақтар келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, әйгілі футболшылардың бейнесіне енген екі дос та футбол мен танымал спортшылардың жанкүйері.

Олар сайлауға келетін сәтін есте қаларлықтай етіп қана қоймай, әлемдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі – футболға да назар аударуды жөн көрген.

"Сайлау учаскесіне кіріп, өз таңдауын жасамас бұрын "Месси" мен "Роналду" мектептің алдында шағын футбол жаттығуын өткізді. Доппен бірнеше жаттығу жасап, бой сергітіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Олардың сайлау күні осылай басталды", – делінген хабарламада.

Достардың айтуынша, олар осындай ерекше образ арқылы қоғамдық өмірге белсенді араласуды сүйікті іспен ұштастыруға болатынын көрсеткісі келген. Сондай-ақ Құрылтай сайлауын азаматтық белсенділік танытып, бұл күнге көтеріңкі көңіл күй сыйлаудың бір мүмкіндігі деп санайды.

Ерекше қонақтар бірден басқа сайлаушылардың назарын аударып, учаске маңында көңілді атмосфера қалыптастырды. "Месси" мен "Роналду" тұрғындармен суретке түсіп, олардың келуі Алматыдағы сайлау күнінің ерекше әрі креативті сәттерінің біріне айналды.

Айта кетейік, бұған дейін Астанадағы сайлау учаскелерінің бірінде де ерекше көрініс болған еді. Үй халатын киген бойжеткен дауыс беруге адамға ұқсас роботпен бірге келген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: