Еуропадан АҚШ-қа дейін: шетелдегі қазақстандықтар Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс беріп жатыр

Құрылтай, дауыс беру, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 16:55 Сурет: Telegram/pressmfakz
2026 жылғы 23 тамызда шетелдегі Қазақстан азаматтары Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс беруді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді:

"Қазақстан азаматтары Еуропаның бірқатар елдерінде, соның ішінде Австрия, Бельгия, Германия, Испания, Италия, Венгрия, Словакия, Франция, Швейцария, Ұлыбритания және Португалиядағы сайлау учаскелерінде дауыс беруді жалғастырып жатыр".

Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Бразилия, Канада және АҚШ-тағы сайлау учаскелері де өз жұмысын бастады.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы 23 тамыз сағат 16:00-дегі жағдай бойынша 8 240 336 қазақстандықтың бюллетень алғанын жазған болатынбыз. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың жалпы санының 65,37%-ын құрайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: