Құрылтай сайлауы: шетелдегі соңғы сайлау учаскесі жұмысын аяқтады

Референдум, выборы, избирательный бюллетень, бюллетень, бюллетени, избирательная урна, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2026 09:06 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 24 тамызда таңертең Астана уақыты бойынша шетелде құрылған 79 учаскелік сайлау комиссиясының барлығы жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның ішінде 74 сайлау учаскесінде дауыс беру 24 тамыз сағат 00:00-ге дейін аяқталды. Ал шетелдегі ең соңғы сайлау учаскесі – Қазақстанның АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы Бас консулдығы жанындағы комиссия жұмысын Астана уақытымен сағат 08:00-де тәмамдады.

"61 мемлекетте дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 9 623 адамды құрады. Сайлаушылардың қатысу көрсеткіші 84,4%-ға жетті", – деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Жалпы, Құрылтай сайлауында 9,3 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді. Дауыс берудің алдын ала нәтижелерімен осы жерден танысуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: