Өскеменде 23 жастағы жігіт ер адамнан ай сайын 150 мың теңге талап етіп келген
Сурет: ШҚО ПД
Өскемен қаласының 23 жастағы тұрғыны бір ер адамды ай сайын 150 мың теңге көлемінде "салық" төлеуге мәжбүрлеген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің дерегінше, бопсалаушы өз талаптарын қорқытып орындатпақ болған. Сонымен бірге жәбірленушіге психологиялық қысым көрсеткен.
Өз өмірі мен денсаулығына алаңдаған ер адам қылмыскерге 100 мың теңге берген. Алайда заңсыз әрекеттер мұнымен тоқтамаған. Біраз уақыттан кейін күдікті қайтадан ақша талап еткен.
Соңында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері бопсалаушыны қылмыс үстінде ұстады. Қазір осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
"Егер осындай заңсыз әрекеттердің құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу "102" нөмірі арқылы полицияға хабарлаңыз", – деп үндеу жасады полицейлер қазақстандықтарға.
Бұған дейін танымал спортшы әрі ММА жаттықтырушысы Ақмола облысында кәсіпкерден ірі көлемде ақша бопсалау ісі бойыншакүдікке алынғаны туралы баяндаған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript