Тоқаев педагогтерді аттестаттаудан өткізу талаптарын оңтайландыруды тапсырды
Фото: Министерство просвещения РК
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерді аттестаттаудан өткізу талаптарын қайта қарап, оңтайландыру жөнінде нақты тапсырма берді,
Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы уақытта педагогтерден аттестаттау ережелеріне қатысты көптеген өтініш келіп түсіп жатыр. Мұғалімдер артық жүктеме мен қағазбастылықтың көптігіне шағымданған.
"Осыған орай, мен педагогтерді аттестациядан өткізу талаптарын оңтайландыру, жетілдіру жөнінде нақты тапсырма бердім. Бұл жерде бағалаудан мүлде бас тарту немесе оны күрделендіру туралы сөз болып отырған жоқ", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев білімді әділ бағалау білім беру жүйесінің өзегі екенін атап өтті. Оның пікірінше, педагогтер үшін барынша түсінікті әрі ашық аттестаттау жүйесі қажет.
Президент бұл мәселені шешуде жоғары жауапкершілік пен кәсібилік таныту керектігін айтып, тиісті министрлікке жақын арада нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы педагогтердің біліктілігін арттыру бағдарламаларына жаңа Конституция құндылықтарын, "Заң мен тәртіп", "Адал азамат" және "Таза Қазақстан" идеяларын енгізу қажет екенін айтты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript