Мектеп бағдарламасына "Конституция негіздері" және "Заң мен тәртіп" курстары енгізіледі

тамыз кеңесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2026 15:21 Сурет: akorda.kz
Мектеп оқушыларына құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында оқу бағдарламасына "Конституция негіздері" және "Заң мен тәртіп" курстары енгізіледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, оның тапсырмасы бойынша биылдан бастап мектептерде "Құқық негіздері" пәні оқытыла бастады. Енді оқу бағдарламасы жаңа курстармен толықтырылады.

"Негізгі мақсат: тек заңды сақтайтын, Конституцияны сыйлайтын жастар ғана жарқын келешекке, мол табысқа қол жеткізеді, түсінікті тілмен айтсақ, бақытты өмір сүреді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы заң талаптарын елемей, құқық бұзушылыққа жол беретін жастардың өз болашағына зиян келтіретінін атап өтті.

"Өкінішке қарай, бұл өте қарапайым ақиқатты көптеген жас азаматтар білмейді де, түсінбейді де. Біздің міндет – оларға өмірдің осы шындығын түсіндіріп айту", – деді Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп оқулықтарының мазмұны заман талабына және жаңа Конституцияның идеяларына сәйкес болуы маңызды екенін айтты.

Президент осы бағыттағы жұмысты сапалы әрі уақтылы жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: