Алматыда дәмханаға заңсыз салынған қосалқы нысанды мәжбүрлі түрде бұзды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда Төле би көшесі, 182 мекенжайында орналасқан "Asi" дәмханасына заңсыз салынған қосалқы нысанды мәжбүрлі түрде бұзу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұл туралы 2026 жылдың 27 тамызында Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері айтты.
Бұған дейін нысан иесіне қатысты әкімшілік шара қолданылып, кейін заң бұзушылық дерегі бойынша материалдар сотқа жолданған.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен нысан иесіне әкімшілік айыппұл салынып, заңсыз қосалқы нысанды мәжбүрлі түрде бұзу туралы шешім шығарылды. Кейін нысан иесі бұл шешімге шағымданғанымен, Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды.
Қазіргі уақытта сот шешімін орындау мақсатында Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript