Белгілі қазақстандық тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті

Белгілі қазақстандық тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2026 10:48 Сурет: Telegram/madenietaqparat
Қазақстан журналистикасының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар 75 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Telegram-арнасында хабарланды.

"Мәдениет және ақпарат министрлігі қазақ телевизиясының дамуына елеулі үлес қосқан белгілі тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасардың дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады", – делінген хабарламада.

Тілеуқабыл Мыңжасар саналы ғұмырын телевизия саласына арнады. Ол ұзақ жылдар бойы "Хабар" агенттігінің Алматы облысындағы тілшісі болып еңбек етіп, өңірдегі маңызды жаңалықтар мен өзекті мәселелерді халыққа жедел әрі сапалы жеткізді.

Жоғары кәсібилігі мен азаматтық ұстанымы арқылы көптеген әріптесіне үлгі болды. Артында талай талантты шәкірті қалды.

"Тілеуқабыл Мыңжасардың журналистика саласындағы еңбегі, кәсіби шеберлігі мен отандық телевизияның дамуына қосқан үлесі әріптестері мен көпшіліктің жадында мәңгі сақталады", – деп атап өтті министрліктің баспасөз қызметі.

2026 жылғы 19 тамызда Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі қазақстандық фототілші Юрий Беккердің 68 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болғанын хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: