Әлемде тұрақсыздық белең алған алмағайып кезде Қазақстанның халықаралық беделі биік тұр – Тоқаев

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2026 11:31 Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемде жаңа тәртіп қалыптасып жатқанын айтты. Оның сөзінше, қазіргі кезең қарама-қайшылыққа толы және адамзат тарихындағы елеулі бетбұрыс болуы мүмкін.

Мемлекет басшысы мұндай жағдайда өз егемендігін экономика, ғылым, әскери және дипломатия салаларында нақты іспен қорғап, нығайта алатын, сондай-ақ адам әлеуетін дамытуға басымдық беретін мемлекеттер ғана жаңа дәуірге бейімделетінін атап өтті.

"Дәл осы себепті мемлекетімізді жан-жақты жаңғырту стратегиялық тұрғыдан маңызды. Мақтангершілік емес, әділін айтсақ, біз жүргізіп жатқан ауқымды реформалардың қарқыны алдағы уақытта үдей түспесе, бәсеңдемейді", – деді Президент.

Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан үшін реформаларды жалғастырудың баламасы жоқ.

"Қарапайым тілмен айтқанда, артқа шегінер жол жоқ. Бұл – елеулі жетістік", – деді ол.

Президент Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың күн тәртібінде қазіргі және болашақтағы ықтимал жаһандық сын-қатерлер ескерілгенін жеткізді.

"Басқаша айтқанда, сол сынақтарды еңсеру үшін алдын алу шаралары қабылданады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, негізгі мақсат – туындауы мүмкін сынақтарға алдын ала дайындалып, оларды еңсеруге қажетті шараларды уақытылы қабылдау.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: