Дания Еспаева, Нұрлан Бекназаров және Динара Зәкиева Құрылтай төрағасының орынбасарлары болып сайланды

Құрылтай депутаттары 2026 жылғы 28 тамызда өткен алғашқы жалпы отырыста төрағаның орынбасарларын сайлап, бір палаталы Парламенттің құрылымын жасақтады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі., сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2026 16:42 Сурет: Zakon.kz/Оксана Даирова
Құрылтай депутаттары 2026 жылғы 28 тамызда өткен алғашқы жалпы отырыста төрағаның орынбасарларын сайлап, бір палаталы Парламенттің құрылымын жасақтады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Депутаттардың шешімімен Нұрлан Бекназаров, Дания Еспаева және Динара Зәкиева Құрылтай төрағасының орынбасарлары болып сайланды.

Сондай-ақ бір палаталы Парламенттің құрылымы жасақталды. Құрылтай құрамында сегіз тұрақты комитет жұмыс істейді:

  • Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетін депутат Серік Егізбаев басқарады;
  • Әлеуметтік-мәдени даму комитетін Асхат Аймағамбетов басқарады;
  • Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетін Үнзила Шапақ басқарады;
  • Қаржы және бюджет комитетін Ольга Перепечина басқарады;
  • Өңірлер және инфрақұрылымды дамыту комитетін Әмірбек Оспанбеков басқарады;
  • Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетін Марат Қожаев басқарады;
  • Цифрландыру және ғылым комитетін Дархан Ахмедиев басқарады;
  • Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетін Наталья Годунова басқарады.

Бұған дейін Құрылтай депутаттары бір палаталы Парламенттің төрағасын сайлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: