Алматыда күздің алғашқы аптасында ауа райы жауын-шашынды болады

Күз, ауа райы болжамы, Алматы, 29 тамыз, 30 тамыз, 31 тамыз, 1 қыркүйек, 2 қыркүйек, 3 қыркүйек, 4 қыркүйек, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2026 18:26 Сурет: Zakon.kz
Алматыда жазғы ыстықтың беті қайтып, жауын-шашынды әрі салқын күндерге кезек келеді. Синоптиктер Zakon.kz сайтына қаламыз бойынша күздің алғашқы күндеріне арналған алдын ала ауа райы болжамын ұсынды.

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, сенбі күні мегаполисте ауа райы жылы әрі күн шуақты болады, ал одан кейінгі күндері жаңбыр жауып, сынап бағанындағы көрсеткіштер төмендей бастайды.

Осы жағынан алғанжа, қыркүйектің алғашқы аптасы жауын-шашынды әрі бұлтты болады.

Алматы қаласы бойынша 2026 жылғы 29 тамыз – 4 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамы

  • 29 тамыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Батыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +17...+19°С, күндіз: +33...+35°С.
  • 30 тамыз: аспан бұлтты, күннің екінші жартысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, кей тұстарда 15 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +17...+19°С, күндіз: +31...+33°С.
  • 31 тамыз: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, кей тұстарда 15-18 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +15...+17°С, күндіз: +28...+30°С.
  • 1 қыркүйек: аспан бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, кей тұстарда 15 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +13...+15°С, күндіз: +23...+25°С.
  • 2 қыркүйек: аспан бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 3-8 м/с, кей тұстарда 15 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +11...+13°С, күндіз: +22...+24°С.
  • 3-4 қыркүйек: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, кей тұстарда 15 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +13...+15°С, күндіз: +25...+27°С.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары еліміздің үш ірі мегаполисі бойынша 2026 жылғы 29, 30 және 31 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: