Астанада құрылыс краны құлап, бір адам қаза тапты

Скорая помощь, медицинская служба, машина скорой помощи, машины скорой помощи, автомобиль скорой помощи, карета скорой помощи, бригада скорой помощи, скорая медицинская помощь, скорая медпомощь, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2026 18:04 Фото: Zakon.kz
Астанада құрылыс алаңындағы кран құлап, бір адам көз жұмды. Тағы екі адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Төтенше жағдай 31 тамызда Қорғалжың тасжолы маңында болған. Кран №100 мектепке жақын орналасқан салынып жатқан нысан аумағында құлаған.

Оқиға салдарынан екі адам зардап шекті. Олар Ұлттық жедел медицинаны үйлестіру орталығына жеткізілді. Зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр. Екінші адамға стационарда қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Кран құлаған жерде тағы бір адам қаза тапты. Марқұмның денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Астана қаласының полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір тергеу жүріп жатыр, мамандар апаттың барлық мән-жайын анықтауда.

Кранның неліктен құлағаны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, бұл – кейінгі күндері елордада болған кранға қатысты екінші қайғылы оқиға. 27 тамызда Қазыбек би көшесіндегі Alaman тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында мұнаралы кран құлап, 36 жастағы кран машинисі қаза тапқан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: