Энрике Иглесиастың концерті қарсаңында астаналықтарға жақсы жаңалық айтылды
Сурет: Instagram/enriqueiglesias
Әлемге әйгілі испаниялық әнші Энрике Иглесиас бірнеше күннен кейін Астанада концерт береді. Осыған байланысты елорда әкімдігі бүгін, 2026 жылғы 1 қыркүйекте, тұрғындарға жағымды жаңалық жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әкімдік мәліметінше, өнер иесінің концерті өтетін күні көрермендер үшін арнайы шаттл бағыттары іске қосылады.
"3 қыркүйек күні сағат 20:00-де елордада әлемге әйгілі әнші Энрике Иглесиастың концерті өтеді. Көрермендерге қолайлы жағдай жасау және көлік жүктемесін азайту мақсатында сол күні арнайы шаттл бағыттары ұйымдастырылады. Автобустар сағат 16:00-ден бастап қаланың төрт нүктесінен жолаушыларды "Астана Арена" стадионына жеткізеді. Іс-шара аяқталған соң көрермендерді кері тасымалдайды, – делінген Астана әкімдігінің хабарламасында.
Арнайы автобустар мына орындардан қатынайды:
- Астаналық цирк маңындағы автотұрақ;
- "Әзірет Сұлтан" мешітінің автотұрағы;
- Қажымұқан көшесіндегі "Қазақстан" спорт кешенінің автотұрағы;
- "Нұр-Сұлтан" мешітінің (Бас мешіт) автотұрағы.
Шаттл автобустары концерт басталғанға дейін және іс-шара аяқталғаннан кейін екі бағытта қатынайды.
" Қосымша шаттл бағыттарының іске қосылуы жолдағы кептелісті азайтып, елорда тұрғындарының жайлы жүріп-тұруына мүмкіндік береді, – деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар көрермендер концерт өтетін жерге жылдам әрі ыңғайлы жету үшін "Тарлан Астана" жеңіл рельсті көлігін пайдалана алады.
Энрике Иглесиастың Қазақстанда концерт беретіні 2026 жылғы 6 наурызда белгілі болды. Әнші Instagram парақшасында 3 қыркүйекте Астанадағы "Астана Аренада", ал 5 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында өнер көрсететінін хабарлады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
