ШҚО-да өрт сөндіру бөлімінде құтқарушы қаза тапты: істің жаңа деректері белгілі болды

Нападение с ножом, поножовщина, нож, ножевое ранение, ножевые ранения, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2026 20:11 Фото: pixabay
Шығыс Қазақстан облысында өртке қарсы қызмет қызметкерінің қаза болуына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Бұл туралы 2026 жылғы 1 қыркүйекте облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға Катонқарағай ауданында болған. Құтқарушы №27 өрт сөндіру бөлімінің аумағында пышақ жарақатын алып, қаза тапқан.

Қазір іс материалдары соттың қарауына жолданды.

"Аталған факті бойынша күдіктіге қатысты жәбірленушіге өлімге әкеп соққан ауыр дене жарақатын салу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Катонқарағай аудандық сотына жолданды", – деп хабарлады 1 қыркүйекте Zakon.kz тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл ретте "Криминальный Казахстан" Telegram-арнасы марқұмның жесіріне сілтеме жасап, оқиғаның мән-жайын жариялады. Оның айтуынша, күйеуі 7 қаңтарға қараған түні пышақ жарақатын алған.

Әріптестері зардап шеккен ер адамды жедел жәрдем шақырмай және полицияға хабарламай, өздері ауруханаға жеткізген. Ал туыстары болған жағдайды тек келесі күні таңертең білген.

"Әйел оқиғаның барлық мән-жайын анықтауды талап етіп отыр. Атап айтқанда, ол күйеуінің нақты қай жерде жарақат алғанын, оны бірінші болып кім байқағанын және өрт сөндіру бөліміндегі бейнебақылау камераларының не себепті жұмыс істемегенін білгісі келеді. Сондай-ақ отбасы марқұмды ауруханаға жеткізген көліктің тексерілген-тексерілмегеніне қатысты сұрақтар қойып отыр", – делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: