Тас жолдағы велоспорт: 2026 жылғы Азиадаға қатысатын қазақстандықтар белгілі болды

Тас жолдағы велоспорт: 2026 жылғы Азиадаға қатысатын қазақстандықтар белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2026 20:49 Сурет: olympic.kz
Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан ерлер құрамасының бапкерлер штабы Аичи-Нагояда (Жапония) өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тізімге сәйкес ерлер құрамасының сапына үш спортшы енді: Алексей Луценко, Евгений Фёдоров, Николя Винокуров.

Биылғы Азия ойындарында отандастарымыз 160 шақырымға топтық жарыста ел намысын қорғайды. Сондай-ақ Алексей Луценко уақыт үшін өтетін жарыстың жекелей сынында бақ сынайды.

Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: