Энрике Иглесиастың концертіне байланысты Астананың кей көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі
Фото: pixabay
Астана әкімдігі 2026 жылғы 3 қыркүйекте өтетін әлемге әйгілі әнші Энрике Иглесиастың концертіне байланысты "Астана Арена" маңында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілетінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Испаниялық өнерпаздың елордадағы концерті сағат 20:00-де басталады. Көрермендердің қауіпсіздігі мен қолайлылығын қамтамасыз ету үшін стадион маңындағы көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Шектеу:
"Алау" мұз сарайынан бастап Марко Поло көшесі бойынша;
"Сарыарқа" велотрегі бастап Месроп Маштош көшесі бойынша енгізіледі.
Әкімдік жүргізушілерден қала бойынша қозғалыс кезінде уақытша шектеулерді ескеруді сұрады.
"Маршрутты алдын ала жоспарлап, мүмкіндігінше қоғамдық көлікпен немесе шаттл-маршруттармен жүруге кеңес беріледі. Бұл стадион маңындағы кептеліс пен тұраққа қатысты қиындықтардың алдын алуға көмектеседі", – деді әкімдік өкілдері 2026 жылғы 1 қыркүйекте.
Сонымен қатар концерт кезінде арнайы шаттл-маршруттар іске қосылады.
Шаттл автобустары мына тұрақтардан қатынайды:
- Елорда циркі жанындағы тұрақ;
- "Хазрет Сұлтан" мешіті жанындағы тұрақ;
- Қажымұқан көшесіндегі "Қазақстан" спорт кешені жанындағы тұрақ;
- "Нұр-Сұлтан" мешіті (Бас мешіт) жанындағы тұрақ.
Энрике Иглесиастың Қазақстанда концерт беретіні 2026 жылғы 6 наурызда белгілі болды. Әнші Instagram парақшасында 3 қыркүйекте Астанадағы "Астана Аренада", ал 5 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда концерт өткізетінін хабарлаған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
