Алматы халықаралық әуежайында Майлин көшесі жағынан негізгі кіреберіс ашылды

Аэропорт в Алматы, аэропорт Алматы, Алматинский аэропорт, здание аэропорта Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2026 10:28 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы халықаралық әуежайы жолаушылар мен келушілерге әуежай аумағындағы көлік қозғалысын ұйымдастыру тәртібі өзгергенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуежай аркасын реконструкциялау жұмыстарының аяқталуына байланысты Майлин көшесі жағындағы негізгі жол көліктердің кіруі және шығуы үшін екі бағытта ашылды.

Майлин көшесі арқылы вокзал маңы аумағына кіріп-шығуға барлығы 11 жолақ қарастырылған. Оның төртеуі көліктердің кіруіне, жетеуі шығуына арналған.

"Ақсұңқар" қонақ үйінің жанындағы екі кіреберіс енді тек екінші қабатқа, яғни T1 және T2 терминалдарының ұшып шығу аймақтарына өту үшін пайдаланылады.

Ал жабық автотұрақ кешенін пайдаланушылар үшін Закарпатская көшесіне тікелей шығатын жол қарастырылған.

Әуежай әкімшілігі жолаушылар мен келушілерге сапар бағытын жоспарлау кезінде енгізілген өзгерістерді ескеріп, аумақтағы жол белгілеріне назар аударуды ұсынды.

Жаңартылған қозғалыс сызбасы көлік ағынын тиімді бөлуге, сондай-ақ терминалдар мен әуежайдың автотұрақ инфрақұрылымына қолжетімділікті жақсартуға мүмкіндік береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: