Қазақстан президенті технологияны Қытаймен ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі деп атады
Фото: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың "Синьхуа" мемлекеттік ақпарат агенттігіне берген сұхбатында екі ел арасындағы ықпалдастық жаңа сапалы деңгейге көтеріліп келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының сөзінше, бүгінде ынтымақтастық нақты сектордағы дәстүрлі бағыттардан бастап, цифрлық экономика саласындағы серіктестікті дамытуға дейінгі кең ауқымды қамтиды.
Президент екіжақты ынтымақтастықтың технологиялық бағыты ерекше маңызға ие болып отырғанын атап өтті.
"Қазақстан мен Қытай арасында ықпалдастықтың жаңа белесі басталды. Бүгінде ынтымақтастық нақты сектордағы дәстүрлі бағыттардан бастап, цифрлық экономика саласындағы серіктестікке дейінгі кең ауқымды қамтиды", – деді Мемлекет басшысы.
Президент 2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланғанын атап өтті.
"Жуырда Жасанды интеллект жөніндегі дүниежүзілік конференцияға қатысу үшін Шанхайға барған сапарымда Қытайдың жетекші технологиялық компанияларының басшыларымен мазмұнды кездесулер өткіздім. Цифрлық экономика, зияткерлік өндіріс, электрондық коммерция, ғылыми зерттеулер және кадр даярлау салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қос тарап та мүдделі. Дәл осы технологиялық ынтымақтастық қазақ-қытай қарым-қатынасының жаңа кезеңіндегі маңызды бағыттардың біріне айналуы мүмкін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы жасанды интеллект бүкіл адамзаттың игілігіне қызмет етуге тиіс екенін жеткізді. Оның айтуынша, мемлекеттер заманауи технологияларға, білім мен есептеу ресурстарына әділ қол жеткізуі қажет.
"Бұл мәселеде біздің ұстанымымыз Қытайдың көзқарасымен үндеседі. Биыл шілде айында Шанхайда Қазақстан Жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық жөніндегі дүниежүзілік ұйымның (WAICO) негізін қалаған 29 мемлекеттің қатарына қосылды. Бұл – жасанды интеллект саласында мемлекеттердің күш-жігерін үйлестіретін ашық әрі тиімді халықаралық жүйе қалыптастыру жолындағы маңызды қадам", – деді Президент.
2026 жылғы 1 қыркүйекте Тоқаев Бішкекте өткен "ШЫҰ плюс" саммитінде "Шанхай рухын" БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарында бекітуді ұсынды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript