Алматыдағы "Жас Отау" неке сарайын жөндеу жұмыстары тоқтап қалды
Сурет: Zakon.kz
Алматыда "Жас Отау" неке сарайына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тарихи ғимарат қайтадан Алматы әкімдігінің қарамағына өтті. Алайда жергілікті билік нысанның алдағы тағдыры туралы нақты мәлімет берген жоқ.
"Бұған дейін "Жас Отау" неке сарайы Jar Jar Almaty ЖШС-нің сенімгерлік басқаруына берілген еді. Алайда серіктестік сенімгерлік басқару шартында көзделген міндеттемелерді белгіленген мерзімде орындамауына байланысты басқарма аталған шартты бұзды. Бүгінде нысандағы жөндеу жұмыстары тоқтатылды", – деп хабарлады Алматы әкімдігі.
2026 жылғы ақпанда Zakon.kz тарихи ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуге қатысты ауқымды жоспарлар туралы жазған еді. Сол кезде бос тұрған неке сарайы жөндеу жұмыстарына дайындалып жатқан.
Сондай-ақ сәулет ескерткіші саналатын ғимарат жеке компанияға сатып алу құқығынсыз 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берілгені хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript