Синоптиктер 4 қыркүйекте үсік жүретін өңірлерді атады

Тұман, үсік жүреді, Қазақстан, ауа райы болжамы, 4 қыркүйек, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2026 18:14 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер алғадағы жұма, 2026 жылғы 4 қыркүйекке арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды. Республикамыздың кей өңірлерінде түнде үсік жүріп, найзағай ойнайтыны, жаңбыр жауатыны болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжам бойынша, түнде сынап бағаны -2...-3°C аралығын көрсетіп, мына аймақтарда үсік жүреді деп күтіледі:

  • Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында,
  • Абай облысының шығысында.
"Қазақстанның басым бөлігінде ауқымды антициклонның әсерінен негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республикамыздың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін. Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа екпінді жел жатқызылады, ал еліміздің батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады, түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі деп күтіледі", делінген "Казгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, болжамға сәйкес, Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады:

  • жоғары өрт қаупі – Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысында, Абай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, Маңғыстау және Қарағанды облыстарының орталығында, Жетісу, Алматы және Ақмола облыстарының солтүстігінде;
  • төтенше өрт қаупі – Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Ұлытау облысында, Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Алматы облысының батысында, шығысында, орталығында, Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында.

Бұған дейін синоптиктер бүгін Астана, Алматы және еліміздің тағы төрт қаласының тұрғындарына ескерту жасаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: