Демалыс қарсаңында Астана тұрғындарына жағымды жаңалық айтылды
Фото: Zakon.kz
Астана әкімдігі бүгін, 2026 жылғы 4 қыркүйекте қала тұрғындарына демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтетінін хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кезекті қалалық жәрмеңке 5 және 6 қыркүйекте ұйымдастырылады.
"Жәрмеңкеде жергілікті шаруалар мен Қазақстанның әр өңіріндегі өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш, табиғи шырындар, тосаптар және басқа да тауарларды тиімді бағамен сатып ала алады", – делінген әкімдік хабарламасында.
Жәрмеңке сенбі және жексенбі күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Алаш тасжолы, 35Б мекенжайындағы "Keryen Joly" сауда орталығында өтеді.
Келушілерге ыңғайлы болу үшін жәрмеңке өтетін жердің маңынан №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 автобус бағыттары қатынайды.
Бұған дейін Алматы тұрғындарына ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің қайда және қашан өтетіні хабарланған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript