"Қазгидромет" елдегі 11 қалада ауа сапасы нашарлайтынын ескертті

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2026 09:36 Фото: Zakon.kz
Синоптиктер 2026 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстанның 11 қаласының тұрғындарын ауадағы ластаушы заттардың мөлшері жоғарылайтыны туралы ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" таратқан ақпаратқа қарағанда, 5 қыркүйекте Астана, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш және Теміртау қалаларында, ал түнде Атырау, Қостанай, Өскемен және Семейде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың үйлесуі. Мұндай жағдайлар атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал етеді.

ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада болу уақытын қысқарту ұсынылады. Әсіресе, автожолдардың немесе басқа да ластану көздерінің маңында ұзақ уақыт болмаған жөн. Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар далаға шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі керек.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: