Қазақстанда 6 қыркүйекте кейбір сервистер уақытша жұмыс істемеуі мүмкін

ЦОН, центры обслуживания населения, egov, егов, цифровые документы, ЭЦП, электронная цифровая подпись, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2026 13:30 Фото: gov4c.kz
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (ҰАТ) бүгін, 2026 жылғы 5 қыркүйекте, Қазақстан тұрғындарына маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандардың айтуынша, сервистердің жұмысын жақсарту және жобаларды жетілдіру үшін техникалық жұмыстар жүргізу қажет.

"6 қыркүйекте сағат 02:00-ден 06:00-ге дейін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ сүйемелдейтін жобалар қолжетімсіз болуы мүмкін. Қолайсыздықтың алдын алу үшін барлық қажетті операцияларды алдын ала аяқтау қажет", – деп хабарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (ҰАТ).

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда eGov порталының жаңа нұсқасы іске қосылғанын хабарлаған едік. Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев 2026 жылғы 11 тамызда Үкімет отырысында жаңартылған eGov порталының артықшылықтарын атады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: