"Қатты жел тұрып, бұршақ түседі". Еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қатты жел, бұршақ, ауа райы болжамы, 7 қыркүйек, Қазақстан, дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2026 17:54 Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 7 қыркүйекте еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 7 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 7 қыркүйекте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады, ал түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 7 қыркүйекте күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-23 м/с құрайды. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жетісу облысының Алакөл көлдері аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 7-9 қыркүйек аралығында облыстың солтүстігінде жоғары, ал оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Атырау облысының батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Атырауда 7 қыркүйекте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, ал жалпы облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 7 қыркүйекте күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт, облыстың солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 7 қыркүйекте күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 7 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда да 7 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының орталығында, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 7 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада да 7 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: