Конституциялық сот: сот арқылы банкроттық рәсімінде кемсітушілік белгілері жоқ

Юрист, юристы, юриспруденция, юридический консультант, юридическая помощь, право, правоведение, правовая система, адвокат, закон, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2026 10:34 Фото: pixabay
Конституциялық сот сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану мүмкіндігінің кредитор санатына байланысты болуына қатысты өтінішті қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өтініш иесінің пікірінше, мұндай талап мүліктік жағдайы бірдей азаматтардың құқықтық жағдайының әркелкі болуына әкелуі мүмкін.

Іс материалдарын зерделеген Конституциялық сот дауға негіз болған норманың Конституцияға қайшы келмейтінін анықтады. Сот қолданыстағы заңнамада сот арқылы банкроттық рәсімін қолданудың барлығына ортақ талаптары белгіленгенін әрі тиісті өтінішпен жүгінуге құқығы бар тұлғалардың аясы шектелмейтінін атап өтті.

Сондай-ақ өтініш иесінің сот арқылы қорғалу құқығы бұзылғаны туралы уәждері расталмады.

"Соттардың заңды дұрыс қолдануына және істің нақты мән-жайларына баға беру Конституциялық соттың өкілеттігіне кірмейді", – делінген хабарламада.

Осыған байланысты өтінішті конституциялық іс жүргізуге қабылдауға негіз жоқ деп танылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: