8 қыркүйекте елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасады
Фото: pexels
Жетісу облысының таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстік-батысында қатты жаңбыр, бұршақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, облыстың батысында, орталығында екпіні 23-28 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде 15-20, екпіні 23-25 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының орталығында, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, оңтүстік-шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавл қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында жаңбыр, найзағай, түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Астана қаласында жоғары өрт қаупі күтіледі.