Азиада-2026: бокстан Қазақстан ерлер құрамасының тізімі анықталды
Сурет: olympic.kz
Қазақстан бокс федерациясы Аичи-Нагояда (Жапония) өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көпсалалы спорттық додада ел намысын мына боксшылар қорғайды:
55 келіге дейін: Махмұд Сабырхан
60 келіге дейін: Оразбек Асылқұлов
70 келіге дейін: Төрехан Сабырхан
80 келіге дейін: Сабыржан Аққалықов
90 келіге дейін: Нұрбек Оралбай
90 келіден жоғары: Айбек Оралбай
Айта кетейік, бұған дейін әйелдер құрамасы да белгілі болған еді. Оның сапына Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Назым Қызайбай (54 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін) және Наталья Богданова (75 келіге дейін) енді.
2026 жылғы Азия ойындарының ашылу салтанаты 19 қыркүйекте өтеді. Бокс бәсекелері 21 қыркүйекте басталады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript