Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің кемелері Каспий теңізіне шықты

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарды сабыр сақтауға шақырған еді. Бұл 2026 жылғы 7–30 қыркүйек аралығында Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының аумағында әскери техника мен жеке құрамның жоспарлы түрде қозғалуына байланысты., сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2026 09:55 Сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі бөлігінде Қарулы күштер Әскери-теңіз күштерінің жоспарлы оқу-жаттығуы басталды. Бұл туралы 2026 жылдың 11 қыркүйегінде Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, жеп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, кеме экипаждары Каспий теңізінің Қазақстан секторындағы бүкіл акваторияны жүріп өтіп, түрлі жағдайларда әрекет ету тәсілдерін пысықтайды және практикалық атыс өткізеді.

Оқу-жаттығу үш кезеңнен тұрады. Әскери теңізшілер кемелер арасындағы өзара іс-қимылды, навигация мен байланысты, кемені басқаруды және қару-жарақты қолдануды пысықтайды. Жағалаудан едәуір қашықтықта орналасқан экипаждардың іс-қимылына ерекше назар аударылады.

Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары 1-ші дәрежелі капитан Арман Сатқановтың айтуынша, оқу-жаттығу барысында экипаждардың тәжірибелік дағдыларын одан әрі жетілдіруге баса мән беріледі.

"Ең бастысы – әрбір экипаж мүшесі өз міндетін нақты білуі және қажетті сәтте жедел әрі үйлесімді әрекет етуі керек. Қазір теңізде осы дағдыны тексеріп жатырмыз", – деді 1-ші дәрежелі капитан Арман Сатқанов.

Жаттығу барысында экипаждар кеме қару-жарағынан практикалық атыс жүргізіп, бірлескен іс-қимылдарды пысықтайды. Жаттығудың әр кезеңінен өткен сайын тапсырмалар күрделене түседі. Оған қосымша бөлімшелер де тартылды.

Оқу-жаттығу кеме экипаждарының түрлі жағдайларда міндеттерді орындауға дайындығын тексеруге және Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік даярлығын одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарды сабыр сақтауға шақырған еді. Бұл 2026 жылғы 7–30 қыркүйек аралығында Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының аумағында әскери техника мен жеке құрамның жоспарлы түрде қозғалуына байланысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: