Күз бен жаздың тартысы: үш мегаполиске арналған ауа райы болжамы

Улица Панфилова, пешеходная улица, Казахский Национальный театр оперы и балета им. Абая, театр имени Абая, Алматы, виды города Алматы, город Алматы, осень в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2026 16:11 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Алматы, Астана және Шымкент тұрғындарына 2026 жылғы 12–14 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болатынын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

12 қыркүйек: көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таңертең және күндіз жел екпіні секундына 15–20 метрге жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +14...+16°С, күндіз +20...+22°С болады.

13 қыркүйек: көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел екпіні кей уақытта секундына 23 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +12...+14°С, күндіз +19...+21°С болады.

14 қыркүйек: көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +10...+12°С, күндіз +16...+18°С болады.

Алматы

12 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел екпіні секундына 15–18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +19...+21°С, күндіз +30...+32°С болады.

13–14 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел әлсіз болады. Ауа температурасы түнде +17...+19°С, күндіз +29...+31°С болады.

Шымкент

12 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр болады. Ауа температурасы түнде +17...+19°С, күндіз +28...+30°С болады.

13 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13...+15°С, күндіз +29...+31°С болады.

14 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16...+18°С, күндіз +30...+32°С болады.

Қазақстанға қалыптан тыс Эль-Ниньо құбылысы қауіп төндіре ме, бұл туралы мына сілтемеден білуге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: