Алматыда +32°C-қа дейін ыстық болады: шаң көтеріліп, найзағай ойнайды

Бизнес-центры в Алматы, БЦ, новостройки в Алматы, высотные дома, жилые дома Алматы, жилой дом, многоквартирные дома, многоквартирный дом, жилье, квартира, новостройка, новостройки, новостройки в Алматы, ЖК в Алматы, весна в Алматы, лето в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2026 20:12 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда алдағы күндері жаздағыдай жылы ауа райы сақталады. Алайда аптаның ортасына қарай температура төмендеп, 16-17 қыркүйекте жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Қалада алдағы жеті күнде қандай ауа райы болатынын Zakon.kz-ке синоптик айтып берді.

"Қазгидромет" РМК Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кисебаевтың айтуынша, алдағы тәулікте Алматы оңтүстік циклонның жылы секторында болады. Сондықтан 12 қыркүйекке қараған түн жылы өтіп, күндіз ауа температурасы +30...+32°C-қа дейін көтеріледі.


"Атмосфералық фронт өткен кезде жел күшейіп, қала көшелерінен шаң көтерілуі мүмкін. Жалпы болжамды кезеңнің алғашқы жартысында жауын-шашын болмайды. Ауа райындағы айтарлықтай өзгеріс 16-17 қыркүйекте болады. Бұл күндері Алматы атмосфералық фронттың ықпалында қалады. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Осыдан кейін күн салқындайды", – деді маман.

Сондай-ақ Гидрометорталық өкілі 12 қыркүйекте қалада күн құбылмалы бұлтты болатынын, жауын-шашын жаумайтынын айтты. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Күндіз желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түнде ауа температурасы +19...+21°C, күндіз +30...+32°C болады.

13-14 қыркүйекте күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Батыстан, солтүстік-батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде +17...+19°C, күндіз +29...+31°C болады.

15 қыркүйекте де күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы +17...+19°C, күндіз +28...+30°C болады.

16 қыркүйекте ауа райы өзгереді. Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +15...+17°C, күндіз +26...+28°C болады.

17 қыркүйекте түнде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде +13...+15°C, күндіз +25...+27°C болады.

18 қыркүйекте жауын-шашын тоқтайды. Алматыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы +13...+15°C, күндіз +25...+27°C болады.

Осылайша, аптаның басында Алматыда жаздағыдай жылы ауа райы сақталып, күндіз ауа температурасы +32°C-қа дейін көтеріледі. Аптаның соңына қарай күн салқындап, түнде +13...+15°C, күндіз +25...+27°C болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: