Таиланд 15 қыркүйектен бастап қазақстандықтар үшін жаңа ереже енгізеді

Алаколь, озеро Алаколь, зона отдыха, зоны отдыха, пляж, пляжи, база отдыха, базы отдыха, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2026 12:05 Фото: primeminister.kz
Қазақстандықтар жиі демалатын елдердің бірі – Таиланд бірқатар мемлекеттің, соның ішінде Қазақстан азаматтарының визасыз жүру мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін қысқартады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таиланд Министрлер кабинетінің тиісті шешімі 2026 жылғы 15 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Елшілік жариялаған ресми ақпаратта:

"Аталған норма күшіне енгеннен кейін Қазақстан азаматтарына ҚР Үкіметі мен Таиланд Корольдігі Үкіметі арасындағы ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім қолданылады", – делінген.

Енді Қазақстан азаматтары Таиландқа кірген күннен бастап 30 күнтізбелік күнге дейін визасыз жүре алады. Бұл ретте елде болудың жалпы мерзімі әрбір 180 күндік кезең ішінде 90 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

Елшілік қызметкерлері Таиландқа баруды жоспарлап отырған қазақстандықтарды көші-қон режиміндегі өзгерістерді ескеруге шақырды.

"Елде 30 күннен артық болу қажет болған жағдайда тиісті визаны алдын ала рәсімдеу керек", – деп хабарлады Қазақстанның Таиландтағы елшілігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін, 7 қыркүйекте, қазақстандықтарға Қытайға кіру ережелерінің өзгеретіні ескертілген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: