Бектенов қазақстандықтарды криптосаладағы алаяқтықтың жаңа түрлерінен қорғауды тапсырды
Фото: unsplash
Премьер-министр Олжас Бектенов 2026 жылғы 15 қыркүйекте өткен Үкімет отырысында бірқатар мемлекеттік органға криптоиндустрияның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Үкімет басшысы токендеу нарығы мен криптоиндустрияның белсенді дамуына байланысты алаяқтықтың жаңа түрлері пайда болып жатқанын атап өтті.
"Осы айда Қаржылық мониторинг агенттігі криптовалютамен шағын несие беру деген желеумен жүзеге асырылған заңсыз қызметтің жолын кесті. Уәкілетті органдар азаматтардың цифрлық ортадағы қауіпсіздігін одан әрі қамтамасыз етуі қажет. Бұған жаңа Конституция кепілдік береді", – деді Олжас Бектенов.
Сондай-ақ Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне Ұлттық банкпен бірлесіп, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және осы саладағы заңнаманы жетілдіру жұмыстарын белсенді жүргізу тапсырылды.
Бұған дейін Олжас Бектенов жылжымайтын мүлік жобаларында токендеу тетігін қолдануды тапсырған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript