Ақмола облысының орманында 500-ден астам ағаш заңсыз кесілген

Осень, осенняя погода, желтые листья, листопад, осенний сезон, осенний лес, лес осенью, осень в лесу, осень в горах, горы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2026 09:24 Фото: Zakon.kz
Ақмола облысының Бұланды ауданында полицейлер орманды заңсыз кесу дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірдің табиғатты қорғау полициясының мәліметінше, Отрадное орман шаруашылығының аумағында 500-ден астам қарағай мен қайың кесілген. Мемлекетке келтірілген залал көлемі 980 мың теңгеден асады.

Заңсыз ағаш кесілгені туралы полицияға орман шаруашылығының қызметкерлері хабарлаған. Қазір полицейлер жергілікті тұрғындардың бірінің аталған іске қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта заңсыз әрекеттің себептері мен мақсаты анықталып жатыр", – деп хабарлады Ақмола облысының Полиция департаменті.

Алдын ала мәлімет бойынша, кесілген ағаштар кейіннен сату үшін дайындалған болуы мүмкін.

Құқық қорғау органдары қазақстандықтарды мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеуге, сондай-ақ орманды заңсыз кесу және табиғи ресурстарды қорғау саласындағы өзге де құқық бұзушылықтар туралы ішкі істер органдарына хабарлауға шақырды.

Осыған ұқсас жағдай Ақтөбеде де болды. Онда Триатлон саябағының маңындағы 100-ге жуық ағаш жойылған. Жүгіру жолының жанындағы жасыл желек орны үлкен бос алаңға айналған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: