Әкімдер мен министрлер қатысады: Құрылтай жанындағы Қоғамдық палата қалай жұмыс істейді

Здание Курултая, Курултай РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2026 13:57 Фото: Zakon.kz
Құрылтай депутаты Айдос Сарым брифинг барысында министрлер мен әкімдердің Қоғамдық палата отырыстарына шақырылатынын және заң жобалары қандай форматта талқыланатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

БАҚ өкілдері заңдардың іске асырылуын талқылау үшін министрлер мен әкімдер Қоғамдық палата отырыстарына шақырыла ма және бұл үдеріс қалай ұйымдастырылады деп сұрады.

"Алдымен "есеп беру" деген сөздің дұрыс емес екенін айтайық. Қоғамдық палата бақылаушы ұйым емес. Бақылаушы орган – Құрылтайдың өзі. Біздің алдымызда заң жобасын тұжырымдамалық тұрғыдан қарағанға дейін тыңдау және талқылау міндеті тұр. Сондықтан әрбір мемлекеттік орган мен заң жобасының бастамашысы келіп, жобаның мақсаты мен міндеттерін барынша анық әрі түсінікті етіп түсіндіруге мүдделі болады", – деді депутат.

Оның айтуынша, белгілі бір тақырыптарға арналған қоғамдық тыңдаулар да өткізіледі.


"Мұндай отырыстарға да министрлер мен әкімдер келіп жүрді. Бұдан ешкім бас тартқан емес. Ең бастысы – мазмұнды диалог орнатып, адамдардың сұрақ қойып, оларға сапалы жауап алуына мүмкіндік жасау және ортақ шешімге келу. Сондықтан әкімдер де, министрлер де қатысады. Алаңдамаңыздар", – деді Айдос Сарым.

Бұған дейін депутаттар пленарлық отырыста І шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайы жанынан Қоғамдық палата құру туралы шешім қабылдаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: