Тоқаев Орта дәліздің өткізу қабілетін 10 млн тоннаға дейін арттыру жоспарын жариялады

Қасым-Жомарт Тоқаев аса маңызды материалдар саласындағы серіктестікке назар аударып, Қазақстан минералдар мен сирек кездесетін металдар кеніне бай екенін айтты  – Біз Корей Үкіметі стратегиялық басымдыққа ие ресурстар деп таныған мыс, хром, титан және басқа да элементтерді өндіреміз. Ал Кореяның озық технологияны өркендетуде мол тәжірибесі бар. Осыны ескеріп, геологиялық барлау, кен игеру, аса маңызды материалдарды терең өңдеуге қатысты толық циклді инвестициялық жобалардың тізімін жасақтауды ұсынамын, – деді Мемлекет басшысы.   Президент көлік байланысын кеңейту мәселесін өте өзекті деп санайды. Осы орайда, Орталық Азияның географиялық тұрғыдан оңтайлы орналасуы тұтас Еуразияның көлік-логистика жүйесін нығайтуға мол мүмкіндік береді.   – Бұл істе Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызы зор. Оның басым бөлігі Қазақстан аумағымен өтеді. Бүгінде Азия мен Еуропа арасындағы құрлық арқылы тасымалдың 85 пайызға жуығы аталған бағдарға тиесілі. Өткен жылы Орта дәліз бойымен контейнерлік тасымал көлемі 36 пайызға көбейді. Биылғы 8 айда 18 пайыз шамасында айтарлықтай өсім көсетті. Алдағы екі жылда бағдардың өткізу қабілетін 6 миллион тоннадан 10 миллион тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Корей компаниялары осы бағыт бойындағы инфрақұрылымдық жобаларды ілгерілетуге атсалыса алады. Қазақстан Үкіметі корей серіктестерімізге арналған инвестициялық жобалар портфелін жасақтауда, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2026 16:55 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Корея арасындағы аса маңызды материалдар саласындағы серіктестікті дамытуға назар аударды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қазақстанның минералдар мен сирек кездесетін металдар кеніне бай екенін атап өтті.

"Біз Корея Үкіметі стратегиялық басымдыққа ие ресурстар деп таныған мыс, хром, титан және басқа да элементтерді өндіреміз. Ал Кореяның озық технологияларды өркендетуде мол тәжірибесі бар", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы геологиялық барлау, кен орындарын игеру және аса маңызды материалдарды терең өңдеуді қамтитын толық циклді инвестициялық жобалардың тізімін жасауды ұсынды.

Президент көлік байланысын кеңейтуді де өзекті міндеттердің бірі ретінде атады. Оның айтуынша, Орталық Азияның қолайлы географиялық орналасуы тұтас Еуразияның көлік-логистика жүйесін нығайтуға мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағытта басым бөлігі Қазақстан аумағы арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағдарының маңызы зор екенін айтты.

"Бүгінде Азия мен Еуропа арасындағы құрлық арқылы тасымалдың 85 пайызға жуығы аталған бағдарға тиесілі. Өткен жылы Орта дәліз бойымен контейнерлік тасымал көлемі 36 пайызға көбейді. Биылғы сегіз айда шамамен 18 пайыздық айтарлықтай өсім көрсетті", – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, алдағы екі жылда Орта дәліздің өткізу қабілетін 6 млн тоннадан 10 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Президент кореялық компанияларды осы бағыттағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қатысуға шақырды.

"Қазақстан Үкіметі корей серіктестерімізге арналған инвестициялық жобалар портфелін жасақтап жатыр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: