Миллиард текше метрге жуық су: Қазақстанның оңтүстігіндегі көлдер мен жайылымдар сақталып жатыр
Сурет: gov.kz
2026 жылдың басынан бері Қызылорда облысында экологиялық мақсаттарға 900 млн текше метрге жуық су жіберілді. Су өңірдегі көлдер жүйесіне, сондай-ақ шабындықтар мен жайылымдарға беріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазсушар" РМК Қызылорда филиалының мәліметінше, Жаңақорған ауданына 82,4 млн текше метр, Шиелі ауданына 72,3 млн, Қызылорда қаласына 73 млн, Сырдария ауданына 174,4 млн, Жалағаш ауданына 166,2 млн, Қармақшы ауданына 72,4 млн, Қазалы ауданына 230,7 млн, ал Арал ауданына 10 млн текше метр су жіберілген.
"Қазір су Қызылорда облысындағы 181 көл жүйесіне, сондай-ақ шабындықтар мен жайылымдарға беріліп жатыр", – деп мәлімдеді ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Бұдан бөлек, жыл соңына дейін экологиялық мақсаттарға тағы 360 млн текше метрге жуық су жіберу жоспарланып отыр.
Бұған дейін, 2026 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстанда қоқиқаздарды сақтап қалу үшін 40 млн текше метр су жіберілгені хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript