Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылордалық диқандар 200 миллион текше метр суды үнемдеді

Су үнемдеу технологияларын енгізудің нәтижесінде Арал теңізіне 200 млн текше метр су жіберілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2024 09:40 Сурет: primeminister.kz
Қызылорда облысының шаруалары су үнемдеу технологияларын енгізудің нәтижесінде 200 млн текше метрге жуық су үнемдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл су Арал теңізіне жіберілді. Айта кетейік, биыл өңірдің дихандары 55 мың гектар күріш алқабында су үнемдеу технологияларын қолданды. Айта кету керек, Қызылорда облысындағы күріш алқаптарының жалпы ауданы 84 мың гектар.

Осылайша, 2024 жылғы суару маусымында теңізге шамамен 1 млрд текше метр су жіберілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есе көп.

Жыл басынан бері Солтүстік Аралға шамамен 2 млрд текше метр су жіберілді. Бүгінгі таңда теңіздегі судың жалпы көлемі 22 миллиард текше метрге жетті.

"Су дипломатиясы мен Орталық Азиядағы әріптестерімізбен тығыз жұмыстан бөлек, Арал теңізіне су жіберуге үнемді технологияларды енгізу де маңызды рөл атқарады. Оларды қолдану жүздеген млн текше метр су үнемдеуге және оны теңізге бағыттауға мүмкіндік береді. Ол үшін біз шаруалардың су үнемдеу технологияларын енгізуге жұмсаған шығындарын субсидиялау көлемін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайттық. Алдағы үш жылда су үнемдеу технологияларымен суармалы суды пайдаланатын шаруа қожалықтары үшін субсидия мөлшері 50%-дан 85%-ға дейін ұлғаяды",- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: