Қазақстанда бала тәрбиесі қашан қылмыстық іске айналуы мүмкін

Дети, буллинг, травля, задирание, жертва буллинга, школьный буллинг, издевательство, травля ребенка, травля детей, буллинг среди учеников, буллинг среди детей, буллинг среди подростков , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2026 15:24 Фото: pexels
Астана қаласы "Есіл" ауданы прокуратурасы бөлімінің прокуроры Қарлығаш Ерғалиева 2026 жылғы 18 қыркүйекте бала тәрбиесі мен оған қатыгездік көрсету арасындағы шекара қай жерде екенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер прокурордан балаға қатысты қандай жағдайда ұрып-соғу немесе денсаулыққа жеңіл зиян келтіру туралы сөз болатынын, ал қандай әрекеттер қатыгездік ретінде бағаланатынын сұрады.

"Бұл жағдайда жәбірленуші үшін қандай нақты салдар болғанын анықтау қажет. Яғни дәлелдер арқылы денсаулыққа жеңіл зиян келтірілгені анықталса, онда денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі болады. Егер дене жарақаты болғанымен, денсаулыққа зиян келмегені анықталса, онда Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы – ұрып-соғу қолданылады. Ал Қылмыстық кодекстің 140-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік ата-ана бала тәрбиесінде қатыгездік әдістерін жүйелі түрде қолданған, оған дөрекі қарым-қатынас жасаған немесе тәрбиелеу кезінде күш көрсеткен жағдайда туындайды. Бұл қатыгездікпен қарау болып саналады", – деп жауап берді Қарлығаш Ерғалиева.

Сондай-ақ журналистер прокурордан тәжірибеде мұндай істердің қай түрлерімен жиі кездесетіндерін сұрады.

"Бұл санаттағы істерді қарау кезінде ең алдымен әрекетті дұрыс саралауға назар аударылады. Яғни 108-1 және 109-1-баптарды, мысалы, азаптаудан нақты ажырату қажет. Қылмыстық кодексте 110-бап та қарастырылған. Мұнда физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық, сондай-ақ ерекше қатыгездікпен жасалған әрекеттер көзделген. Сондықтан жанжалдың қалай болғанын анықтап, дәлелдерді дер кезінде тіркеу қажет. Мысалы, соққы жасалғаны медициналық куәландыру арқылы, фотофиксациямен және куәгерлердің көрсетулерімен расталуы тиіс", – деп атап өтті прокурор.

Ол жәбірленуші бала болған жағдайда заң бойынша оған жоғары деңгейдегі құқықтық қорғау қарастырылғанын да айтты.

Бұған дейін Қарлығаш Ерғалиева тіпті бір рет ұрып жіберудің өзі қандай жағдайда қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін түсіндірген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: