Жаз бен күз тартысы: Қазақстанда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, күн +32°C-қа дейін ысиды

Алматы, осень в Алматы, пасмурная погода в Алматы, тучи в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2026 12:04 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2026 жылғы 22, 23 және 24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сәйкес, жаз әзірге райынан қайтпайды: еліміздің кей өңірлерінде ауа температурасы +32°C-қа дейін көтеріледі. Сонымен қатар найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің болжамында:

"Жаңа аптаның басында Қазақстан аумағынан атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Алайда ауа температурасы осы мезгілге сай жайлы болады", – делінген.

Күндіз ауа температурасы:

  • батыста +25…+32°C;
  • солтүстік-батыста +20…+31°C;
  • солтүстікте және орталық өңірлерде +18…+27°C;
  • шығыста +13…+23°C болады.


"Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы +25…+32°C-қа дейін көтеріледі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Бұған дейін "Қазгидромет" 2026 жылғы 21 қыркүйекке дауылды ескерту жариялаған еді. Синоптиктер Астана, Алматы және Қазақстанның 15 облысында қауіпті ауа райы құбылыстары болатынын ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: