Қазақстанда жұмыссыздарды тіркеудің жаңа тетігі іске қосылады

Электронная биржа труда, рынок труда, карьерные центры, поиск работы, карьера, собеседование, работа, работники, сотрудники, наем, трудоустройство, прием на работу, профессия, профессии, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2026 16:30 Фото: freepik
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" және "Жұмыссыздарды тіркеу" мемлекеттік қызметтерін көрсетудің жаңа тәсілдерін енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоба халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу тетіктерін жетілдіруге, жұмысқа орналастыру нәтижелілігін және жұмыспен қамту саласындағы қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.

Министрліктің мәліметінше, ұсынылған өзгерістер жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімділігін арттырып, еңбек нарығындағы белсенді саясат шараларының іске асырылуын жақсартуға тиіс.

Құжат "Ашық НҚА" порталында 28 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

Бұған дейін Қазақстанда жұмыссыздарды тіркеу мен еңбек делдалдығын жүзеге асыру тәртібі өзгеретіні туралы жазған едік.

Жұмысы немесе табысы жоқ, өзіне лайық жұмыс іздеп жүрген адам жұмысқа орналасуға көмек сұраған кезде жұмыс іздеуші ретінде мына жолдардың бірімен тіркеле алады:

  • тұрғылықты жері бойынша мансап орталығы арқылы;
  • "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы;
  • "Электрондық еңбек биржасы" жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы арқылы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: