Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жаңа саяси мәдениетті орнықтыруға атсалысты – Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында мәдени мұраны сақтау, қоғамдық келісімді нығайту және Қазақстан халқы ассамблеясының тарихи рөлі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2026 11:46 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында мәдени мұраны сақтау, қоғамдық келісімді нығайту және Қазақстан халқы ассамблеясының тарихи рөлі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы ортақ мәдени мұраны көздің қарашығындай сақтап, дәріптеу айрықша маңызды екенін атап өтті. Оның сөзінше, мұндай бай мұраны сақтауға мемлекеттік шекара бөгет болмауға тиіс.

Президент Семейдегі Федор Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде күрделі реконструкция басталғанын хабарлады. Жұмыс толықтай демеушілердің қаражаты есебінен жүргізіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта елдегі басқа да тарихи ескерткіштер мен музейлерді ретке келтіру қажет екенін айтып, Қазақстанның ауқатты азаматтары бұл бастамаға белсенді атсалысады деген сенім білдірді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы медиация институтын қолдаудың маңызына тоқталды.

"Өйткені бұл – кез келген кикілжіңнің алдын алып, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтатын әмбебап әрі пәрменді тетік", – деді Президент.

Оның айтуынша, жастар мен спорт ұйымдарының, еріктілер желісінің, қайырымдылық қорларының жұмысын, сондай-ақ Аналар мен Ақсақалдар кеңестерінің қызметін жандандыру қажет.

Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше жыл бұрын болған ауқымды су тасқыны кезінде этномәдени бірлестіктер зардап шеккен өңірлерге көмек көрсеткенін еске салды. Олардың өкілдері қалпына келтіру жұмыстарына қатысып, қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау білдірген.

"Мемлекет шын ниетпен жасалған бұл еңбекті бағалайды, халқымыз жақсылықты ешқашан ұмытпайды. Елдің ынтымақ-бірлігі, жасампаз отаншылдығы жарқырай көрінген осы мысал келесі ұрпақ ғибрат алатын бейне және фотоқұжаттарда сақталып қалуға тиіс", – деді Мемлекет басшысы.

Президент мұндай жанкештілік пен жанашырлықтың мысалдары аз емес екенін атап өтті.


"Сондықтан жаңартылған саяси жүйеде Қазақстан халқы ассамблеясының тарихи рөлі еш кемімейді, керісінше, күшейе түседі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: