Президент: алдымызда тұрған мақсат та – бір, Отанымыз да – бір
Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында елдегі этномәдени бірлестіктердің рөлі мен халықтар арасындағы достықты сақтау туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының сөзінше, Ұлы дала ежелден түрлі өркениеттер тоғысқан, әр ұлттың салт-дәстүріне, діні мен мәдениетіне құрметпен қарайтын мекен болған. Ата-бабаларымыз өзге жұрттың озық тәжірибесін қабылдап, Ұлы Жібек жолын мәдениеттер, білім мен технологиялар алмасатын кеңістікке айналдырған.
"Шығыспен де, Батыспен де тығыз байланыс орнатудың арқасында халқымыздың ерекше менталитеті қалыптасты. Біздің қазіргі тарихымыз – осыған айқын дәлел", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев этномәдени бірлестіктерді "достық керуеніне" теңеді. Оның айтуынша, олар игі мақсат жолындағы жұмысын үзбей келеді.
"Міндетіміз – ынтымақ-бірлікті нығайтып, шынайы достық пен толеранттылықты келесі ұрпаққа аманаттап қалдыру", – деді Мемлекет басшысы.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript