Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстанда реформалар жалғаса береді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында елдегі реформалар мен билік жүйесін жаңғырту жұмысы жалғасатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2026 11:13 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында елдегі реформалар мен билік жүйесін жаңғырту жұмысы жалғасатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының ашылуын еліміз үшін тарихи оқиға деп атады.

"Қазақстан Халық Кеңесі мемлекетіміздің саяси жүйесінде айрықша орын алатын, конституциялық мәртебесі бар бірегей институт болатынына күмәнім жоқ", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан қазір ауқымды өзгерістер кезеңін бастан өткеріп жатқанын атап өтті. Оның сөзінше, қоғамның барлық саласында түбегейлі реформалар жүзеге асырылуда.


"Алайда реформалар мен өзгерістер осымен өз мәресіне жетті деп мүлдем айтуға болмайды. Бұл жұмыс міндетті түрде жалғасады. Біз билік жүйесін заман талабына сай жаңғырту ісін қолға алдық. Елімізде Халық Кеңесінің құрылуы соның бір айқын дәлелі екені анық", – деді Мемлекет басшысы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: