Президент жол сапасын бағалау жүйесін қайта қарауды тапсырды

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2026 12:15 Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында құрылыс пен жол сапасына қатаң бақылау орнатуды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы аймақтарды дамыту мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін айтты. Оның сөзінше, соңғы жылдары еліміздің барлық өңірінде тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен жолдар қарқынды салынып жатыр. Алайда құрылыстың ауқымымен қатар оның сапасы мен уақытылы аяқталуына да мән беру қажет.

"Кейде жаңадан салынған кейбір нысандардың сапасы сын көтермейді, тіпті қоғам талқысына түсіп жатады. Осындай салғырт жасалған жұмыстың кесірі қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы да мүмкін", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев жол саласындағы жағдайға да тоқталды. Ол "Талдықорған – Өскемен" күре жолы ашылғанына көп уақыт өтпей тоза бастағанын мысалға келтірді.

"Сондықтан жол сапасын бағалау жүйесін қайта қарау керек. Құрылыс жұмысын басынан аяғына дейін қатаң қадағалау қажет. "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" мекемесінің қызметін күшейту керек. Жалпы, осы салаға түбегейлі реформа жасаған жөн. Қоғамдық бақылауды күшейту қажет", – деді Мемлекет басшысы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: